Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Полиция: Вирус жұқтыратын лаңкестер туралы ақпарат жалған болып табылады

АҚТАУ, 19 қаңтар. Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде вирус жұқтыратын лаңкестер тобы туралы ақпаратты белсенді түрде таратып жатыр. Маңғыстау облысының полиция департаменті ақпаратты жалған деп атады, деп хабарлайды Лада.

«Ескерту! Кімде-кім «біз медициналық мектептенбіз, қандағы қант мөлшерін тегін тексереміз» десе, бас тартыңыздар. Бірден полицияға хабар беріңіздер. Олар — I.S.I.S террористері, олар қанға вирус енгізіп жүр. Отбасы және достарыңызға осы ақпаратты таратыңыздар», — делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының ПД-ті бұл ақпаратты растамады.

«Бұл ақпарат жалған», — деп атап өтті департамент.

Өткен жылдың қаңтар айында елордалықтардың арасынан осы хабарлама таратылды, бірақ Ақтау тұрғындарына биыл ғана жетті.

Сол кезде де Ішкі істер министрлігі бұл жібрілімнің шындыққа еш қатысы жоқ екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *