АСТАНА, 20 қаңтар.Болгариялық арнайы қызметі халықаралық терроризмді қаржыландыруға қарсы операция барысында 43 адамды ұстады, деп Болгарияның BTA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап САНА агенттігі хабарлайды.
Белгілі болғандай, операция Болгарияның астанасың қоса алғанда жеті қалада жүзеге асырылады.
Хабарланғандай, қауіпсіздік қызметі шамамен 32 мың еуро, құжаттарды және басқа да айғақтарды тәркіледі.
Софияда, Болгарияда тұратын сириялық азамат болып шыққан басты күдіктілердің бірі тұтқындалды. Ол халықаралық лаңкестік ұйымдарға логистикалық демеу және қаржыландыруды ұсынатын адамдармен байланыс жасап тұрған.