Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ұлыбританиядағы сот ғимаратының жаныңда көлік жарылды

АСТАНА, 20 қаңтар. Ұлыбританияның Солтүстік Ирландия аймағындағы Лондондерри қаласындағы сот ғимаратының жанында көлік жарылды. Бұл туралы Sky News арнасына сілтеме жасай отырып REGNUM хабарлайды.

Жарылыс 19 қаңтар күні кешке Лондондерридегі Бишоп көшесінде орын алды. Жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Полиция қызметкерлері бүкіл аумақты қоршап алды.

Жарылыс болған жерге жақын үй тұрғындары, соның ішінде жақын маңдағы жабық тұрғын үй кешенінде тұратын қарт адамдар да шұғыл түрде эвакуацияланған. Жарылыс аймағында барлар мен кафелерге келген барлық қонақтар да эвакуацияланды.

Бұдан басқа, полиция Бишип-стрит маңында тұратын барлық азаматтарды уақытша үйден кетуді сұрады. Мұндай шаралар полицияның тағы бір күмәнді көлікті тапқандығына байланысты. Қазіргі уақытта сол көлік тексерілді, онда жарылғыш зат табылған жоқ.

Оқиға себептері мен мән-жайлары зерттелуде. Алайда, кейбір саясаткерлер бұл оқиғаны «террористік акт» деп айыптады.

Ирландия Республикасының Сыртқы істер министрлігінің басшысы Саймон Коувени өзінің Twitter-інде оқиғаны «террористік акт» деп атады. Оның жазғаның Демократиялық юнион партиясының жетекшісі Арлин Фостер де қайталап, «бұл үзілді-кесілді түрде айыпталуға тиісті мәнсіз террорлық акт» болып табылады деп әлеуметтік желіде жазды.

Бұдан бұрын Ұлыбританияның парламенттік барлау комитетінің баяндамасында айтылған, атап айтқанда, елдегі қауіпсіздік қызметтері экстремистік ниеттелген азаматтарды мұқият қадағалап, бұқаралық ақпарат құралдарында және көшеде экстремистік мазмұнмен күресуде белсенді шаралар қабылдауға тиіс екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *