АСТАНА, 25 қаңтар. Мәскеу Душанбеге Ауғанстаннан келетін қауіп-қатерлерге қарсы тұруға көмектесуге дайын. Бұл туралы Ресейдің Душанбедегі елшісі Игорь Лякин-Фролов мәлімдеді, деп МИР 24 хабарлайды.
«Әрине, Ауғанстандағы тұрақсыз жағдай Тәжікстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төндіретін негізгі көзі», — деді ол.
Дипломаттың айтуынша, Рессей Тәжікстан басшылығы Ауғанстандағы жағдай «кері кетті» деген үрей тудыратын көзқарасына қосылады. Сонымен бірге, республиканың билік органдарының пікірінше, Батыс елдерінің оны реттеу әрекеттері нәтиже бермейді.
«Бұл мәселені күшпен шешу мүмкін емес — жалғыз шешім — ауғандардың өздерінің қатысуымен бейбіт реттеу», — деді Лякин-Фролов.
Оның ойынша, экстремистер бар Ауғанстан территориясы — бұл лаңкестік, экстремизм, есірткі саудасы және ұйымдасқан қылмыс қатерінің көзі болып табылады.
«Ресей жағы осы факторларды ескере отырып, ынтмақтас Тәжікістанға екі жақты және ТМД, ҰҚШҰ мен ШЫҰ форматында көмек көрсетуге тырысады», — деді дипломат.