Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ростов қаласында терроризмді насихаттау үшін Дағыстан тұрғыны сотталды

АСТАНА, 25 қаңтар. Дағыстанның Кулинск ауданындағы Вихли ауылының тұрғыны Загалав Сұлтанбегов Ростов қаласында терроризмді насихаттау үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім 24 қаңтарда Солтүстік Кавказдағы әскери сотта шығарылды. Бұл туралы ДОН-МЕДИА жазады.

Айыптау қорытындысына сәйкес, 2014 және 2015 жылдары Сұлтанбегов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында лаңкестік әрекеттерге және терроризмді ақтауға шақырған бейнероликтерді орналастырды.

Сот отырысында айыпталушы өзінің кінәсін мойындады және айыптаудың мән-жайына қатысты дәлелдемелер берді.

Ол жазасын қатаң режимді колонияда өтейді. Бұдан басқа, айыпталушыға интернеттегі веб-сайттарды бір жыл мерзімге басқаруға тыйым салынады.

Шешім заңды күшіне енбеген және үкімге шағым түсірілуі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *