АСТАНА, 26 қаңтар. Жолсеріктерге тіл тигізіп, «Аллаһ ақбар» деп айғайлаған елеуреген жолаушыға бола Transavia әуекомпаниясының ұшағы Ниццада амалсыз келіп қонды.Бұл туралы France Bleu-ге сілтеме жасай отырып Zakon.kz жазады.
Оқиға Парижден Туниске дейінгі жолда болған бортта болды. Ес-түсін білместей күйде болған жолаушы ұшақтың өтетін жерінде намаз оқи бастады, ал жолсеріктер бұған тыйым салғанда, ол өзін өзі ұстай алмай қалды. Куәгерлердің айтуы бойынша, адам экипажға тіл тигізіп, «Аллаһ ақбар» деп айғайлады. Осындай жағдай салдарынан ұшқыштар Ниццаға жедел қонуға шешім қабылдады.
Ұшақ қонғаннан кейін агрессивті жолаушыны полиция ұстады. Прокурордың айтуынша, медициналық тексеріс адамның психикалық ауруы бар екенін көрсетті.
2018 жылдың тамызында Norwegian Airlines әуекомпаниясының жолаушысы ұшақтағы орнына риза болмай ұшақты жарамын деп қорқытты. Оқиға Орландодан Лондонға ұшатын бортта орын алған. Агрессивті турист бомба бар деп айтқаннан кейін әуежай қызметкерлері барлық жолаушыларды эвакуациялап, ұшақты тексерді. Олар ұшақ бортында жарылғыш құрылғыны таппады да зиянкесті ұстады.