Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ «Талибан» өкілдерімен келіссөздің сәтті болғанын растады

АСТАНА, 28 қаңтар. АҚШ пен радикалды “Талибан” қозғалысы арасында Ауғанстандағы жағдайды бейбіт реттеу бойынша келіссөздің соңғы отырысы алдыңғыларына қарағанда сәтті өткен. Тараптар маңызды мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келе алған. Бұл туралы АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад хабарлаған.Бұл туралы Азаттық Радиосы сайтында хабарланған.

Ол Twitter-дегі парақшасында 26 қаңтарда Ауғанстан билігімен келісілген мәселелерді талқылау үшін Кабулға ұшып бара жатқанын жазған. Халилзад сонымен бірге «Талибанмен» арада шешілмеген мәселелер де қалғанын айтқан.

Бұған дейін халықаралық агенттіктер «Талибан» қозғалысының өкілдеріне сілтеме жасай отырып, Катардағы келіссөзде екі тараптың даулы мәселелер бойынша келісімге келгенін хабарлаған.

Келісімнің мәтіні әлі жарияланған жоқ. Дегенмен алдын ала ақпарат бойынша, онда «Талибан» қозғалысының «Әл-Каида», «Ислам мемлекеті» сияқты террористік топтарға Ауғанстан территориясында шоғырлануына мүмкіндік бермеу сияқты шарт бар. Онда сонымен бірге тараптардың бітімге келуі, Ауғанстандағы уақытша үкіметтің құрылуымен келісу, 18 айдың ішінде Ауғанстаннан шетел әскерін алып кету сияқты мәселелер қарастырылған. АҚШ өкілдері әзірге келісімге байланысты түсініктеме берген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *