АСТАНА, 30 қаңтар. Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузджан провинциясының Хумаб ауданының тұрғындары 2018 жылдың қыркүйегінен бастап радикалды «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған) содырларының бақылауында тұруға мәжбүр болды. Аудан басшысы, инженер Ахмед осы үйездегі талибтардың қандай тәртіп пен ережелер орнатқаны туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.
Оның айтуынша, террористер өздерінің заңдарын енгізді, Хумабпен шекаралас аудандарында есірткі контрабандасымен айналысады.
«Талибтар Хумабты басып алған сәттен бастап, салықтар мен алымдар жинаудан басқа, әртүрлі желеу етіп адамдардан ақшаны бопсалайды», — деді Ахмед.
Ол «Талибандар» ерлерге сақал болмағандықтан, намаз оқыманнан және басқа да «жазықтылықтар» үшін айыппұл орнатқанын айтты.
«Хумаб Түркіменстанмен шекаралас болғандықтан, «Талибан» есірткі контрабандасы үшін үлкен ақша алады», — деді провинция басшысы.
Хумапты содырлар басып алған кезде, олардың арасында шетелдік талибандар болды, бірақ «қазір олардың саны азайып, олар үйезге тек балық аулауға және тамақтануға келеді» дейді Ахмед.
Оның айтуынша, шетелдік-талибтар көбінесе Өзбекстан мен Пәкістан келімсектері.
«Орталық үкімет бірнеше рет үйезімізді өз бақылауын қайтарады деп уәде берді, бірақ бұл мәселе уәде болып қалып тұр», — деп қорытындылады Ахмед.