АСТАНА, 30 қаңтар. Германияның құқық қорғау органдары 30 қаңтар күні үш адамды лаңкестік шабуыл дайындады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды REGNUM агенттігі Associated Press-ке сілтеме жасай отырып.
Федералдық прокуратураның мәліметі бойынша, Ирак келімсектері Шахин Ф., Херш Ф. және Рауф С. Дания шекарасы маңындағы Дитмаршен қаласында қамауға алынған.Қамауға алынғандардан басқа, полиция қызметкерлері олармен байланысы бар адамдардың үйлерін іздестірді.
Прокуратура тергеу деректері бойынша террорлық шабуылға дайындықтың артында Шахин Ф., Херш Ф. болды,ал Рауф С. оларға көмектесті. Шабуылдаушылар шабуылды дайындаудың бастапқы сатыларында болған, сондықтан жарылғыш құрылғылар әлі де жасалмаған.