АСТАНА, 30 қаңтар. Филиппиннің Минданао аралында орналасқан Замбоанга қаласындағы мешітте граната жарылып, төрт адам зардап шексе, екі адам қайтыс болды, деп Rappler порталына сілтеме жасап хабарлайды ТАСС.
Дін қызметкерлері мешітте отырған сәтте, белгісіз біреу ғимарат ішіне граната лақтырып жіберген. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілсе, әзірге олардың хал-жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.
Тіпті, оқиғаға қатысты басқа да мәліметтер жарияланбады.
Бұған дейін 27-қаңтар күні Филиппиннің Хало қаласында (Сулу провинциясы) кафедральді жиналыстан соң жарылыс болған еді. Ол оқиғада 20 адам тіл тартпай кетсе, 111 адам ауыр жараланды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, аталмыш жарылыстардың барлығын Қазақстанда тиым салынған «Ислам мемлекеті» террористік тобы өз мойнына алды.