АСТАНА, 31 қаңтар. Ленинград облысының Всеволожск ауданында терроризмге қарсы халықаралық іздеуде тұрған Орталық Азия елдерінің бірінің азаматшасы ұсталды. Бұл туралыСанкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің шекаралық басқармасына сілтеме жасай отырып REGNUM агенттігі хабарлайды.
28 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 1993 жылы туылған әйел ұсталды. Террористiк ұйымның қызметiне қатысы бар деп, оны өз елінiң құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр.
«Отаныңда ұлттық заңнамаға сәйкес қылмыстық қудалаудан бас тарту үшін, іздеуде болған азаматша құқық қорғау органдарынан Ресей Федерациясында еңбек мигранты ретінде жасырынуға тырысты», — деп Шекара басқармасының баспасөз қызметі түсіндірді.
Ұсталған азаматша Красно-Селода (Санкт-Петербург) орналасқан шетелдік азаматтар үшін уақытша ұстау орталығында орналастырылды.