АСТАНА, 31 қаңтар Тәжікстан Республикасының Бас прокуратурасында елдің басқа да тиісті органдарымен бірлесіп «Экстремизмге қарсы тұру туралы» заң жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс тобын құрылды, деп НИАТ Ховар жазды.
Тәжікстан Республикасының Бас прокуроры Юсуф Рахмон бүгін баспасөз мәслихатында жұмыс тобы Тәжікстан Республикасының «Экстремизмге қарсы тұру туралы» заң жобасын үш ай ішінде әзірлеп, оны Тәжікстан Республикасының Үкіметіне ұсынатынын атап өтті.
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон ел парламентіне Жолдауында экстремизмнің алдын алудың құқықтық негіздерін жетілдіру, оның көріністеріне қарсы тұрудың заманауи тәсілдері мен әдістерін әзірлеу үшін Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне, Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Әділет министрлігімен бірге үш ай ішінде «Экстремизмге қарсы тұру туралы» Тәжікстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеп ел Үкіметі ұсынуды тапсырды