АСТАНА, 01 ақпан. Қарағандылық полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің Есірткі саудасына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен заңсыз айналымнан 66 келіден астам «марихуана» есірткі заты тәркіленді.
«Ағымдағы жылдың 31-ші қаңтарында заңсыз айналымдағы есірткі заттарын тәркілеумен таратудың алдын алу мақсатында жүргізілген жедел алдын алу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен 39 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Оның үйінің ауласынан 66 келіден астам есірткі заты тәркіленді», — деп хабарлап құқық қорғаушылар.
Жүргізілген сараптаманың қорытындысы бойынша тәркіленген зат марихуана есірткі заты екені анықталды.
Аталған фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 4 тармағы яғни «ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтау» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпараттар ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.