АСТАНА, 03 ақпан. Лаңкестер Иран Ислам Республикасының оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинциясындағы Никшехер қаласындағы ислам революциялық қорғаныс корпусының (ИРҚК) штабына шабуыл жасады. Бұл туралы, 2-ақпан күні Fars агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Ислам революциясының қорғаныс корпусы күштерінің мобилизациялық штабы лаңкестердің шабуылына ұшырады деп нақтыланады. Шабуыл нәтижесінде кем дегенде ИРҚК бір сарбазы қайтыс болды, тағы бесеуі жарақат алды.
Еске сала кетейік, Ислам революциялық қорғаныс корпусы Иранның Жоғарғы көшбасшысына (рахбарға) бағынатын Ирандағы жеке әскери құрылым болып табылады. ИРҚК-нің өз құрлықтағы әскерлері, әскери-әуе және әскери-теңіз күштері бар. Сондай-ақ, ИРҚК құрамында «Кудс» арнайы күштері және «Басидж» жаппай халық жасақтар құрылымы бар.