АСТАНА, 03 ақпан. АҚШ бастаған халықаралық коалициясының шабуылынан кейін ИМ * ұйымының террористері (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) ас-Суккария аймағында Сирия үкіметі әскерінің бекінісіне шабуыл жасады, деп САНА мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Содырлар өз бақылауында болған Багуз ауылынан шықты. Шайқас кезінде Сирия армиясының бөлімшелері шабуылдаушы террористердің көбін жойды.
Бұған дейін Сирияның әскери ақпарат көздері жексенбі күні түнде АҚШ басқарған халықаралық коалициясы ас-Суккария аймағында Сирия әскері артиллериялық қондырғысына әуе шабуыл жасады, екі сарбаз жарақаттанды.
Соңғы рет осындай оқиға өткен жылдың маусым айында болған. Сол кезде халықаралық коалицияның әскери-әуе күштері Әл-Букемалдың оңтүстік-шығысындағы Әл-Хари мекеніңдегі Дейр-эз-Зор провинциясындағы Сирия әскерлерінің бекіністерің бомбылап тастады. Үкіметтік әскерлер сарбаздары арасында өлгендер мен жараланғандар туралы ақпарат болды.
Сонымен қатар, АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл айыптауларды жоққа шығарды.