Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Талибан» қозғалысы мен ауған саясаткерлері елде бейбітшілік орнату үшін Мәскеуде келіссөз жүргізіп жатыр

АСТАНА, 07 ақпан. «Талибан» қозғалысы мен ауған саясаткерлері елде бейбітшілік орнату үшін Мәскеуде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы astanatv.kz хабарлайды.

Кездесу Ресейдегі Ауған диаспорасының ұйытқы болуымен басталған. Оған Кремль мен Сыртқы істер министрлігі қатысып жатқан жоқ. Ресми Кабул бұл кездесуге күмәнмен қарайды. Ауған саясаткерлерінің делегациясын Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай басқарған. Ол бұл кездесуді өте жоғары бағалап отыр.

«Бұл жақсы құрамдағы жақсы кездесу. Қалғанын ресми түрде кейінірек айтатын боламыз»,- деді Ауғаныстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай.

Бұған дейін Дональд АҚШ пен тәліптер арасындағы келіссөз бейбіт жолмен шешілгелі тұрғанын мәлімдеді. Жақында АҚШ мемлекеттік департаментінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзада Ауғанстанға ат басын бұрған еді. Америкалық дипломат ауған билігінің қатысуынсыз тәліптермен келіссөз жүргізіп, айтарлықтай прогресс барын, тіпті америкалық әскерді елден шығару мәселесінде де бір мәмілеге келгендерін мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *