Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ТМД елдерінің терроризммен күресте материалдық-техникалық қамту келісімі ратификацияланды

АСТАНА, 09 ақпан. Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kazakhstan Today хабарлайды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Келісімде тиісті құзыретті органдарды арнайы техникамен, арнайы құралдармен және қолдау көрсету құралдарымен кешенді жабдықтау үшін тең жағдайлар жасау көзделген.

Тараптардың құзыретті органдарының ынтымақтастығы арнайы техника, арнайы жабдықтау құралдар мен материалдарды жеңілдікті шарттармен сатып алу және жеткізу туралы өтініштерді орындау немесе ол туралы ақпарат беру арқылы жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *