АСТАНА, 09 ақпан. Америкалық әскердің Африка қолбасшылығы Сомалидегі содырларға жасалған бірнеше әуе шабуылы туралы хабарлады, деп Associated Press сілтеме жасап REGNUM жазады.
Екі әуе шабуылы нәтижесінде «Аш-Шабаб» тобының (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) 15 содыры жойылды.
Шабуылдар Төменгі Шабель провинциясында Гандарша және Барире аудандарында орын алды.