АСТАНА, 11 ақпан. Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық аймақтың полициясы есірткі өндіру мен тасымалдау бойынша 18 адамға айып тағылып,ұстады, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM агенттігі хабарлайды.
Уланчаб қаласындағы полиция тыйым салынған заттарды өндіретін жасырын зауытта 12,88 кг метамфетаминді тәркілегенін хабарлады. 2018 жылдың ақпан айында полиция қызметкерлері нашақорды ұстады, одан алынған ақпарат бойынша, олар көрші Хэбэй провинциясындағы есірткі сатушылар тобының ізіне шықты.
Хэбэйдегі әріптестерінің көмегімен полиция қылмыстық топтың барлық мүшелерін ұстады, Чжанцзяку қаласындағы жасырын есірткі дайындайтын фабриканы жойып жіберді. Бұл іс бйынша тергеу жалғасуда.