АСТАНА, 13 ақпан. Ирактың Синджар қаласындағы қауіпсіздік қызметкерлері ДАИШ (Қазақстан территориясында тыйым салынған ұйым) террористік тобының жанкешті-лаңкестердің қатысуымен болатын әрекеттерді болдырмады, деп Kurdistan.ru сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Қауіпсіздік қызметкерлері екі адамды ұстады, олардың біреуі белбеуі бар жанкешті-лаңкес, ал екіншісі – миналанған автокөлікті басқарған болатын.
Толығырақ ақпарат әлі берілмеген.
Өткен аптада Иракта «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда қызметіне тыйым салынған ұйым) ұйым содырларының белсенділігі арта бастады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері алды алынған шабуылдар туралы үнемі есеп береді.