АСТАНА, 13 ақпан. Өзбекстан ІІМ-нің арнайы бөлімшелері Ауғанстанмен шектесетін Сурхандария аймағында «террористерді» жою туралы оқу-тәжірибелік сабақтарын өткізді, деп ІІБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Sputnik Узбекистан хабарлайды.
«Оқу барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері террористік топтарды құрықтау және жою үшін және олар кепілдікке алғандарды босату жаттығуларын өткізді», — деп Сурхандария облысының Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқулар Термез қаласында (облыс орталығында), сондай-ақ облыстың Денау және Сарысу аудандарында өткізілді.
Агенттіктің хабарлауынша, ІІМ-нің арнайы бөлімшелері төтенше жағдайларда басқа құқық қорғау органдарының арнайы күштерімен өзара іс-қимыл шеңберінде жұмыс істеу дағдыларын арттырды.
Ауғанстанда үкімет күштері мен елдегі ауылдық жерлерде үлкен аумақты басып алып, ірі қалаларға қарсы шабуыл жасаған радикалды «Талибан» қозғалысының содырлары арасында текетірес бар. Сондай-ақ елде «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстанда тыйым салынған) террористік топтың әсері артты.Ауғанстанның Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштері бүкіл ел бойынша терроризмге қарсы бірлескен операцияларды жүргізеді.