АСТАНА, 13 ақпан. Сирияда АҚШ бастаған одақтас елдердің лаңкестерге қарсы әуе шабуылынан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны 70-ке жетті, деп хабарлады 24.kz.
Бұған дейін Дейр-эз-Зор аймағында әскери операциядан 4 тұрғын көз жұмғанын хабарлағанбыз. Ақпарға қарағанда марқұмдар бәрі көлікке отырып, ұрыс аймағынан қашып бара жатқанда атқыланған.
Еске сала кетейік, өткен аптада оппозициялық күштер АҚШ-тың қолдауымен Дейр-эз-Зор аймағындағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» соңғы бекіністерін шабуылдауға көшкен. Мәліметке қарағанда бұл ауданда 600-ден астам содыр бекінген. Оппозициялық жасақтар оларға қарсы операция бастамас үшін аймақтан 20 мың тұрғынды эвакуациялаған еді.