Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ЕК терроризмнің қаржыландырылуына қарсы әлсіз ережелері бар елдердің тізімін жасады

АСТАНА, 14 ақпан. Еурокомиссия терроризмді қаржыландыруға қарсы әлсіз ережелері бар 23 ел кірген жаңа тізімін қабылдады. Атап айтқанда, Иран, Ирак және Сауд Арабиясы кіреді, деп ЕК сайтында жарияланған пресс-релизге сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.

Бұл тізімге Ауғанстан, Панама, Ливия, Виргин аралдары, Американдық Самоа, Багам аралдары, Ботсвана, Солтүстік Корея, Эфиопия, Гана, Гуам, Нигерия, Пәкістан, Пуэрто-Рико, Самоа, Шри-Ланка, Сирия, Тринидад және Тобаго, Тунис, Йемен кірді. Ресей ЕК тізімінде жоқ.

Бұл тізім ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға жол бермеу арқылы ЕО-ның қаржылық жүйесін қорғауға арналған. Еуропалық Одақтың ақшаны жылыстатуға қатысты ережелеріне бағынатын банктер және басқа ұйымдар кез-келген күдікті ақшалай қаражаттардың ағындарын неғұрлым жақсы анықтау үшін тізімде бар елдердің клиенттері мен қаржы институттарының қаржы операцияларың еселеп тексеруге міндетті болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *