Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырымда тыйым салынған «Хизб ут-Тахрирдің» жақтастарына қарсы қылмыстық істер қозғалды

АСТАНА, 14 ақпан. Қырымда Ресей Федерациясының ФҚҚБ тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» террористік ұйымына қатысы бар үш күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Российская газета хабарлады.

Бүгін, таңертеңнен бастап күдіктілердің иеліктегі үйлерінде — олардын тіркелген және тұрғылықты жерлерде белсенді тергеу амалдары жүргізілуде. Нақтылап айтқанда Қырым түбегінің Красногвардейск ауданының тұрғындары күдікті деп саналады. Октябрьск ауылындағы үш үйде тінту жүргізіледі.

Бұдан бұрын түбектегі түрлі қалаларда бірнеше «Хизб ут-Тахрир» ұяшықтары әшкерленді. Қатысушылардың экстремистік әрекеттері туралы кейбір істер әлі күнге дейін тергеуде немесе соттарда қаралуда. Ал 2018 жылдың желтоқсанында Ростовтағы Солтүстік-Кавказ аудандық әскери соты Бахчисарай құрылымының мүшелерінің кінәсін мойындады.

* Қазақстан Республикасында «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» 2005 жылдан бері террористік ұйым ретінде танылып, тыйым салынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *