ТҮРКІСТАН, 15 ақпан. 2019 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды, деп ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде.
Олардың тұрғылықты жерлері бойынша деструктивті бағыттағы қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер алынды.
Тергеу жалғасуда.