АСТАНА, 20 ақпан. Сириядағы Америка әскері Ирак территориясы арқылы шығарылады. Бұл туралы Таяу-Шығыс конференциясы кулуарында Ирак премьер-министрінің кеңесшісі, әкімшілік басшысы Абдулкарим Хашим Мостафа мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
«Әскерлер Ирак территориясы арқылы өтеді. Әрине Ирак пен АҚШ арасында келісім бар. Осыған сәйкес жақын уатытта америкалық әскер Сириядан Ирак арқылы биліктің рұқсаты бойынша шығарылады» дейді Ирак премьер-министрі.
Еске салсақ, АҚШ пен оның одақтастары Сирия мен Ирактағы ДАИШ террористік ұйымына қарсы әскери операцияны 2014 жылы бастаған. Ал Сирияда халықаралық коалиция елдің ресми билігінің келісімінсіз әрекет етуде.