АСТАНА, 21 ақпан. Сирияда «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» содырлары бекінген Багуз мекенінен бейбіт тұрғындарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Ақпаратқа қарағанда, гуманитарлық дәліз арқылы бейбіт тұрғындарды тиеген 8 жүк көлігі жолға шыққан. Қазір күрд жасақтары қоршауға алған бұл мекенде 300-ден астам лаңкес бекінген. Бұған дейін олар қаруларын тастап, берілуден бас тартқан болатын.
Еске сала кетейік, Дейр-эз-Зор аймағындағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарсы операция бірер апта бұрын басталған болатын.