АСТАНА, 23 ақпан. Пентагон басшысының міндетін атқарушы Патрик Шанахан мен Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар Пентагонда Сириядағы «Ислам мемлекеті» террористік тобына қарсы операцияларды, сондай-ақ Анкараның Сирия курдтарының қорғаныс күштерін (YPG) АҚШ-тың қолдауға қатысты алаңдаушылығын талқылады, деп Түркия Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сілтеме жасап РИА Новости жазды.
«Министр Акар мырза және министрдің міндетін атқарушы Шанахан мырза ауқымды мәселелерді, соның ішінде Сириядағы екі жақты қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты, ИМ-тің (Қазақстандағы тыйым салынған ұйым) талқандау операцияларын және АҚШ-тың Күрдістанның жұмыс партиясының сириялық қанаты YPG-ні қолдағаны үшін Түркияның алаңдаушылығын талқылады», — делінген хабарламада.