АСТАНА, 24 ақпан. Сирияның Хама провинциясындағы Вади әл-Азиб ауылында автобус «Ислам мемлекеті» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) лаңкестері орнатқан минада жарылыстан қирады. Кем дегенде 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости республикалық мемлекеттік телеарнаға сілтеме жасап.
Соңғы ақпарат бойынша, автобуста жұмысшылар келе жатқан.
Сириядағы осындай оқиғалар сирек емес: Сирия армиясының шабуылына байланысты қоныстарын қалдырып кетіп бара жатқан лаңкестер жарылғыш құрылғыларды, кейде тұрғын үйлерде, орнатып кетеді. Алайда, құрбандардың саны бойынша бұл теңдесі жоқ оқиға болды.