АСТАНА, 1 наурыз. ДАИШ террористік ұйымының көсемі Әбу Бәкір әл-Бағдади Ирактың Анбар провинциясында америкалық әскерилердің көмегімен емін-еркін жүр. Бұл туралы республика парламентінің депутаты Хасан Салим мәлімдеді, деп жазады KAZISLAM.
El-Nashra ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қазір ДАИШ басшысы Анбар провинциясының батыс аумағында, Ирак пен Сирия аралығында бой тасалап жүр. Депутаттың сөзінше, Әл-Бағдадиға америкалық әскерилер орналасқан Айн әл-Асад әскери базасы қолдау жасап келеді. Еске салсақ, бұған дейін БАҚ беттерінде ДАИШ көсемі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің жараланғаны, ауыр дертке шалдыққаны, өлгені туралы бірнеше рет мәлімет жарияланды. Алайда бұл ақпараттардың ешбірі дәлелденбеді.