Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ Усама бен Ладеннің ұлы жайлы мәлімет бергендерге сыйақы жариялады

АСТАНА, 02 наурыз. АҚШ «әл-Каида» лаңкестік ұйымының негізін қалаушы Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладен жайлы мәлімет бергендерге миллион долларға дейін сыйақы беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің сайтында айтылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ол 2015 жылдың тамыз айынан бастап өзінің ізбасарларын АҚШ-қа және батыстағы елдерге шабуыл жасауға шақырып, Интернетте аудио және видеохабарламалар таратқан», — делінген сайтта.

Америкалық дереккөздің мәліметінше, Хамза бен Ладен әкесінің өлімі үшін кек аламын деп қорқытқан. Мемлекеттік департаменттегілердің айтуынша, Хамза бен Ладен «Әл-Каида» лаңкестік ұйымына 2015 жылы ресми түрде кірген.

Ал РИА Новости мәліметінше, ол қазіргі уақытта Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында немесе Иранда жасырынып жүруі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *