АСТАНА, 4 наурыз. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында орналасқан қарулы күштер базасына содырлар шабуыл жасады. Салдарынан ауған күштік құрылымының кемі 40 әскериі мерт болды. Бұл туралы «Майванд» 215 әскер корпусы өкілдері мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
Еске салсақ, бұған дейін бір топ террорист Гильменд провинциясындағы ауған қарулы күштер базасына шабуылдағаны хабарланған болатын. Қарулы шабуылды «Талибан» радикалды ұйымы жасаған. Қазіргі уақытта Ауғанстанда үкіметтік күш пен «Талибан» содырлары арасына текетірес күшейе түскен. Террорлық ұйым осы уақытқа дейін республика аудандары мен елді мекендерге бақылау жүргізіп келген.