АСТАНА, 04 наурыз. Түрік полициясы Стамбулда 200 килограммнан астам кокаин тәркіледі, деп хабарлайды Trend түрік БАҚ сілтеме жасап.
Кокаин Оңтүстік Американың бір мемлекетінен жеткізілген контейнерлердің бірінде болған деп хабарланады. Тәркіленген кокаиннің нарықтық құны 40 миллион түрік лирасына бағаланады. 2019 жылдын басынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркияда барлығы 5 тонна героин тәркіленді. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Мерсин провинциясында 615 килограмм кокаин тәркіленді.
Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Ыстамбұлда 850 килограмм героин тәркіленді. Түркия ІІМ мәлімдегендей, 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 3, 722 тонна героин тәркіленді. Сонымен қатар, 16, 802 тонна психотроптық заттар мен 202 килограмм «банзай» атты есірткі заттары тәркіленді. Түрік Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу ел елеулі қатерге тап болғанын және нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күресті күшейту керектігін айтты.
«Есірткіні артық мөлшерлеуінен болған өлім саны жылдан-жылға артып келеді», — деді министрдің
Есірткіні қолданған азаматтардың ең төменгі жасы 13, орташа жас — 36, ал ең жоғарғы 65 жасты құрайды. Түркияда 15-24 жас аралығындағы нашақорлар 2,9 пайызды, 25 жастан 44 жасқа дейін — 2,8 пайызды, 45 жастан 64 жасқа дейін — ел халқының 2,3 пайызын құрайды.
Түркияда есірткіге тәуелділерді емдейтін 22 орталық бар. Соңғы төрт жылда Ыстамбулда есірткі заттарды сату және қолданғаны үшін 300 мыңнан астам адам ұсталды.