АСТАНА, 07 наурыз. Жарылыс Солтүстік Ирландияның Крейгавон қаласындағы үйлердің бірінде болды, деп Daily Express газетіне сілтеме жасап Вести ФМ радиосы хабарлайды.
Дәрігерлер есеңгіреу халіндегі егде әйелге көмек көрсетіп жатыр.
Жарылыс салдарынан есік пен дәліз бұзылып қалды. Бұған дейін Лондондағы Хитроу және Сити әуежайларында, сондай-ақ елордалық Ватерлоо вокзалында қолдан жасалған жарылғыш заттар табылған. Құрылғылардың бірі іске асқанына қарамастан, ешкім зардап шеккен жоқ. Бір күн бұрын студенттік поштаны сұрыптау кезінде Глазго университетінде тағы бір қуатты төмен қолдан жасалған бомба табылды. Полиция оны бейтараптандырды, ешкім зардап шеккен жоқ.
Британдық құқық қорғау органдары Ирландия полициясымен бірлесіп тергеу жүргізіп жатыр. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ирландтық радикалды топтардың содырлары оқиғаларға қатысты делінген.