Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қытайда есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен қазақстандық бойжеткен ұсталды

АСТАНА, 08 наурыз. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда Қазақстан азаматшасы Юлия Ходеваның ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 ақпанда Чжэцзян провинциясының құқық қорғау органдары ҚР азаматшасы Юлия Ходеваны ұстады. Ол есірткі құралдарын сақтау және тарату бойынша күдіктелуде», — деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

СІМ мәліметінше, Шанхайдағы ҚР Бас консульдығы оның туыстарымен байланысқа шыққан, оларға консульдық-құқықтық кеңес берілген, атап айтқанда жергілікті адвокаттар ұсынылған. «Юлия Ходева тарапынан қамаудағы жағдайына және денсаулығына байланысты шағымы жоқ. Тергеу үш айға дейін созылуы мүмкін. Дипломаттар мәселені өз бақылауына алды», — деді ол.

Бұған дейін бойжеткеннің анасы Оксана Ходева БАҚ-қа қызы Юлия Қытайда алты жылдан бері жүргенін мәлім еткен болатын. Ол Хуанчжоу қаласындағы Технологиялық университетте оқиды. Оның диплом алуына екі ай ғана уақыт қалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *