АСТАНА, 09 наурыз. «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының содырлары Кабулда террористік шабуыл жасады, деп Pajhwok Afghan News агенттігіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды.
Ауғанстан ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, елдің саяси қайраткерлерінің кездесуі барысында лаңкестер мина атқыштан оқ ашты.
Шабуыл нәтижесінде 11 адам қаза тауып, 95 адам жараланды. Оқиға үшін жауапкершілік ДАИШ алды (Қазақстанда тыйым салынған ұйым).
Президенттікке үміткерлердің бірі, «Ауғанстан Ұлттық конгрессі» партиясының көшбасшысы Абдул Латиф Педрамның зардап шеккені атап өтілді.
Сондай-ақ, республиканың президенттікке үміткерлердің бірі Мұхаммед Ханифа Атмардың сегіз қорғаушысы жарақат алды.