Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Петропавл тұрғынынан 70 кг марихуана тәркіленді

ПЕТРОПАВЛ, 10 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Арлан» арнаулы жасағымен бірге арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, рейд кезінде Петропавлдың 37 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол тарату мақсатымен ерекше ірі мөлшерде есірткі заттарын сатып алды деген күдікке іліккен. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 70 килограмнан асады.

«Күдікті қазір қамауда, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-ші «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр», — дейді полицейлер.

Осы бапқа сәйкес, оған 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын берілуі мүмкін.

Жыл басынан бері облыста есірткімен байланысты 53 заң бұзушылық ісі ашылған. Жалпы 71 кг есірткі тәркіленген, соның 60 грамнан астамы — героин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *