АСТАНА, 10 наурыз. Сириядағы Алеппо, Хама, Латакия және Идлиб провинцияларындағы елді мекендерге бір күн ішінде содырлар оқ жаудырды, деп Ресейлік Сириядағы соғысушы тараптардың келісу Орталығының басшысы, генерал-майор Виктор Купчишинге сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.
«Тәулік бойы содырлар Латакия провинциясының Сафсафа, Аки-Баэр, Кимсиба және Кермель (екі рет), Хама провинциясының Ачан, Телль-Баззам және Эль-Ходор-Мар-Злия, Алеппо провиниясының Вреде, Ниц және Эль-Бурайдж, Идлиб провинциясының Эс-Салахия, Эль-Васита, Суккари, Абу-Омар, Ниха және Эль-Фхайль елді мекендеріне оқ жаудырды»,-деп мәлімдеді Виктор Купчишин.
Оның айтуынша, бір күнде тағы бес үй және бір медициналық мекеме қалпына келтірілді.
«Босқындар өздерінің бұрынғы тұрғылықты жерлеріне қайтып келеді … 8 наурыздағы жағдай бойынша 225 896 адам оралды», — деді Купчишин.