Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Есірткі контрабандасымен айналысқандарға үкім шығарылды

АСТАНА, 11 наурыз. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті РФ-дан ҚР-ға синтетикалық есірткі контрабандасына және оларды Павлодар облысының аумағында сатуға қатысы бар, құрамында азамат Г. Закарадзе мен А. Маликов болған наркотоптың құқыққа қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті, деп ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды.

2018 жылғы 1 маусымда Г. Закарадзені ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті радиоқабылдағышқа жасырылған 937 грамм «жылдамдық» деп аталатын «пиролидиновалерофенон» («пировалерон» психотроптық затының ұқсасы) синтетикалық есірткісін алу кезінде ұстаған болатын.

Тергеу барысында есірткі арнасының ұйымдастырушысы А. Маликов анықталып, ұсталды, ол психотроптық заттарды кейіннен «Telegram» мобильді қосымшасы (700 жазылманы бар «TURBO4АT» тобында) арқылы Интернет желісінде өткізген.

2019 жылғы 7 наурызда Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен қылмыстық іс фигуранттары ҚР ҚК 286-бабы 2-б. 1 және 4-т., 297-бабы 3-б. 3-т. бойынша кінәлі деп танылды. Г. Закарадзе 11 жылға, А. Маликов 12 жылға қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтеуге сотталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *