Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирия әскері Жебхат ан-Нусраның содырларын жойды

АСТАНА, 11 наурыз. Дүйсенбі күні түнде Сирия армиясы Идлиб провинциясында Жебхат ан-Нусраның террористеріне қарсы ракеталық және артиллериялық шабуыл жасап, бірнеше содырдын көзін жойды. Бұл туралы Сирия мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.

«Әскер Идлиб провинциясындағы Хубайт ауылының аумағында Жебхат ан-Нусраның (Қазақстандағы тыйым салынған ұйым) содырлар топтарына шабуыл жасады, содырлар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар», — деп мәлімдеді мемлекеттік телеарна.

«Әскер Хан-Шейхундағы Жебхат ан-Нусраның позицияларында артиллерия мен зымыран шабуылдар жасады», — деп хабарлайды арна. Телеарна мәліметі бойынша, осы шабуыл нәтижесінде содырлар қатарында қаза тапқандар мен жарақаттанғандар да бар.

Әскер лаңкестердің жарақаттарына әкеліп соқтырған ат-Тех, Кафр-Набаль ауылдарындағы лаңкестердің позицияларына соққы жасады.

Жебхат ан-Нусра лаңкестік тобының содырлары мен заңсыз қарулы бандалары Идлибдегі қарусыздандырылған аймақта жағдайды тұрақсыздандырып, атысты тоқтату тәртібін күнделікті бұзып отыр.Лаңкестер Хама провинциясының солтүстігіндегі және таулы Латакиядағы елді мекендерге үнемі зымырандар мен мина атқыштардан оқ жаудырып отырады.

Сонымен қатар, лаңкестік топтар Сирия әскерінің қарусыздандырылған аймақ бойынша шабуыл жасауға әрдайым әрекет етеді. Жебхат ан-Нусра лаңкестері Идлиб аумағындағы шағын топтарды жеңіп, осы Сирия провинциясындағы қала мен ауылдарды басып алуды жалғастыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *