Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомалиде жарылыс кезінде төрт адам қаза тапты

АСТАНА, 11 наурыз. Сомалидің Могадишо астанасында болған жарылыс нәтижесінде төрт адам қаза тауып, 9 адам жарақат алды, деп хабарлайды REGNUM агенттігі «Daily Monitor Uganda» агенттігіне сілтеме жасап.

Жарылыс 7 наурызда Могадишо қаласында мейрамхана жанында болды. Аш-Шабаб тобы жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алды.

«Жарылыс өте күшті болды, біз түтін мен тозаң бүкіл аумақты басқанын көрдік, ол миналанған автокөлік болды», — дейді куәгер Ибрагим Фарей.

Осы айда Аш-Шабаб шабуылынан 20 адам қаза болды, қауіпсіздік күштері жихадшылармен 24 сағат бойы шайқасты.

Аш-Шабаб тобы 2011 жылы Могадишодан қуылды, бірақ ауылдық жерлер әлі де террористердің бақылауында. Аш-Шабаб — Сомалидің ұлттық қауіпсіздігіне басты қауіп. 2017 жылы президент Мұхаммед Абдуллахи Моаммед мемлекеттік деңгейде террористік топқа соғыс жариялады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *