АСТАНА, 11 наурыз. Тайландтың оңтүстігіндегі Сатун және Пхатталунг провинцияларында бірнеше рет жарылыс болды. Жексенбі күні The Nation басылымы аталған оқиғадан зардап шеккендердің жоқ екенін хабарлады, деп жазады ТАСС агенттігі.
Полицияның мәліметтері бойынша, Пхатталунг провинциясында 11 жарылыс болды. Сатунда полиция бөлімшесінің жанында екі жарылыс және азық-түлік дүкенінің маңында тағы екі жарылыс болды. Тәртіп сақшылары бенекамералардағы түсірілімдерді тексеріп, одан мотоцикл мінген екі күдіктіні анықтады. Құқық қорғау органы өкілдерінің мәліметінше, мотоцикл көршілес Сонгхла провинциясынан ұрланған.
Bangkok Post басылымының хабарлауынша, Пхатталунг провинциясында да 3 қолдан жасалған бомба табылған. Оны кешірек саперлар залалсыздандырып, қауіпсіздік қызметкерлері бомбаларды жойып жіберген.
Басылым таратқан мәліметтер бойынша, жарылыстың салдарынан кейбір ғимараттарға зақым келген. Алайда, тәртіп сақшылары жарылыстардың кімдер ұйымдастыруы мүкін екендігін айтпай отыр. Дегенмен олар оқиғаға Тайландың мұсылмандар мекендейтін оңтүстігінде 10 жылдан астам уақыттан бері әрекет етіп келе жатқан қарулы құрылымдардың қатысы болуы мүмкіндігін жоққы шығармайды.
Сатун мен Пхатталунг осыған дейін мамыражай, бейбіт аймақтардың бірі саналып келген. Себебі жарылыстардың көпшілігі Паттани, Яла және Наратхиват сияқты көршілес аймақтарды болатын. Сепаратистер аталған провинциялардың аймағында дербес сұлтандықтың болуын қалайды. Қақтығыстардың салдарынан өңірде болған атыс-шабыстан 6,8 мың адам қайтыс болған.