Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астанада есірткі жарнамаларын таратқан жас жігіттер ұсталды

АСТАНА, 12 наурыз. Елордалық Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарының көмегімен ғаламтор сайттарындағы синтетикалық есірткілердің жарнамаларына қатысы бар жас жігіттерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Астана қаласының аумағында есірткінің таралу деректеріне көз жұма қарай алмайтын қоғамның атсалысуының және демеу болуының арқасында полиция қызметкерлері 1998 жылы туған «А» есімді азамат пен «Б» есімді 1997 жылғы Жамбыл облысының тумасын ұстады. Олар ғаламтор сайттары арқылы есірткі заттарын өткізу және оларды пайдалануға еліктіруге қатысы бар жарнамаларды таратқан»,- деп хабарлап отыр Астана қалалық Полиция департаменті.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ұсталғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Астана қаласының Полиция департаменті осы азаматтар туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса Есркі қылмысына қарсы күрес басқармасының анонимді сенім телефон нөмірлеріне: 71-63-93, 71-62-60 немесе 102 хабарласуын сұрайды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен осы сияқты 100-ден аса сайт анықталып, оларды бұғаттау туралы ақпараттар жолданған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *