Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Серікжан Біләш халықты «жиһадқа» шақырған – прокуратура

АСТАНА, 12 наурыз. Тіркелмеген «Атажұрт» қозғалысының құрылтайшысы Серікжан Біләшті Астана полициясы 10 наурыз күні ұстаған болатын. Ішкі істер органы оған «әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасады» деген айып таққан еді. Ал, елордалық прокуратура бүгін Біләштің халықты «жиһадқа» үгіттенін ресми мәлімдеді, деп Аlmaty.tv сайты жазады.

Бұл туралы ақпарат аталған ведомствоның ресми сайтында жарияланған.

Прокуратураның мәліметінше, биыл 8 ақпанда Алматыда өткен шаралардың бірінде Серікжан Біләш қазақстандықтарды этникалық қытайларға қарсы қасиетті соғыс ашуға үгіттеген көрінеді.

Осы жайттан кейін жергілікті тұрғындардың бірі Астана қаласының полициясына арыз түсірген. 21 ақпанда ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Серікжан Біләштің сөздерінде расымен де қылмыстық құрамның бар екенін политологиялық сараптама дәлел келтірген. Сондай-ақ, куәгерлердің сөзі мен әлеуметтік желілерден алынған видеоматериалдар да тағылған айыпқа дәлел болады дейді құқық қорғаушылар.

Бүгін Астана қалалық ауданаралық мамандандырылған тергеу соты Серікжан Біләшті тергеу аяқталғанға дейін 2 ай үйқамақта ұстауға шешім шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *