Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы облысында үйінің жер төлесінде есірткі өсірген тұрғын ұсталды

АСТАНА, 13 наурыз. Арнайы іс-шара барысында Іле ауданында жергілікті тұрғынның өз үйінің жертөлесінде есірткі өсіргені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жертөледе өсімдікті баптауға арнайы жарық, жылу, ауа алмастыру және т.б. құрылғылар орнатылған. Болжамдардың бірі бойынша тәркіленген өсімдік «үнді қарасорасы» болуы мүмкін.

«35 жастағы азамат үйінің жертөлесіне есірткі тектес өсімдіктерді өсіруге барлық қолайлы жағдай жасаған. Оның жылыжайынан 12 түп есірткі тәркіленді. Өсімдіктер тиісті сараптамаға жіберілді»,- деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің қандай мақсатта есірткі өсіргені анықталатын болады. Қазіргі уақытта күдікті азамат мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері полицейлер 400 килограмға жуық әртүрлі есірткі заттарын тәркілеген. Оның 30 килограмы гашиш, қалғаны героин, марихуана және басқа есірткі заттары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *