АСТАНА, 13 наурыз. Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Допинг» Республикалық шедел профилактикалық шарасының аясында, елорда аумағында есірткі өткізумен айналысты деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
38 жастағы жергілікті тұрғын есірткі және психотропты заттарды аса ірі көлемде өткізді деп күдіктелініп отыр.
«Қызметтік итті пайдалану арқылы санкциялы түрде жүргізілген тексеріс барысында оның жалдамалы пәтерінен ақшыл-сары түсті зат салынған 26 ақшыл түсті полиэтилен түйіншектері анықталды. Сарапшының шешімі бойынша оның ішінде жалпы салмағы 2 келі 450 граммды құрайтын «героин» есірткі затының бары белгілі болды. Сонымен қатар, психотропты заттарды өткізген оның есірткі қылмысына қатысы бар, бұрын сотты болған екі сыбайласы ұсталды», — деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полконигі Ерлан Жәкенов.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК «Есірткі, психотропты және оларға ұқсас заттарды тасымалдау, жіберу немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау» бабы бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда ұсталған тұлғалар қамауда отыр.
«Жыл басынан бері 105 есірткіге қатысты құқықбұзушылық ашылды, оның ішінде 46 қылмыс есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтау деректеріне сәйкес ауыр және аса ауыр деп бағаланып отыр», — деді Жәкенов.