АСТАНА, 13 наурыз. Ауғанстан әуе күштерінің соққысынан 14 талибтің көзі жойылып, тағы 13-і жарақат алды. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Baq.kz.
«Ауғанстан Ұлттық әскерінің әуе күштері А-29 ұшағымен Багдис провинциясына қарасты Бала-Мургаб ауданында талибтер шоғырланған аумақты атқылады» делінген хабарламада.
Бір күн бұрын дәл осы мекенде талибтер әскери лагерге шабуыл жасаған болатын. Ол кезде 20-дан астам жауынгер қаза тауып, он шақтысы жарақат алған, сондай-ақ 28 әскериді тұтқындап әкеткен.
Ауғанстан әскери ведомствосы бұған жауап беру әрекеттеріне дайын екендіктерін мәлімдеп отыр.