АСТАНА, 13 наурыз. Омбыда терроризмге қарсы күрес бойынша оқу-жаттығулар басталды. Олар 2019-шы жылға арналған іс-қимыл жоспарына енгізілген және 13 наурыздан 15 наурызға дейін екі күндік мерзімге созылады. Бұл туралы Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің бастығының орынбасары Евгений Скрипкаревке сілтеме жасап Om1.ru мәлім етті.
Осы уақытта тиісті қызметтер тұрақты және төтенше жағдайларда өзара әрекеттесуді, арнайы жабдықты пайдалануды, жеке құрамның дайындығын және террористік шабуылдардың алдын алуға, оның ішінде қоғамдық көліктерде, дайын екендігін тексереді.
«Осындай жаттығуларды өткізу практикасы төтенше жағдайлардың алдын алу және қаланың тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді бірлесіп шешу үшін құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің, билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дайындығынын кепілі», — деді Қоғамдық қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары.
Оқу-жаттығу кезінде Омбыда қажет болған жағдайда шектеу шаралары енгізулуі мүмкін. Атап айтқанда, құжаттарды тексеріп, азаматтарды көшеде тексеру болады, ал нақты оқиғалар кезінде қала тұрғындарын қаланың белгілі бір жерлерінен оқшаулауға немесе уақытша көшіріп тастауға болады.
Оқу-жаттығулар әуежай аймағындағы операциямен аяқталады. Онда 15 наурызда еркін өтуге шектеулер енгізеді, жеке көлік қозғалысын жабады. Сонымен қатар, 12 Желтоқсан көшесі мен Транссібір көшесі арқылы өтетін автобустардың бағыты өзгеруі мүмкін.
Әкімдік Омбы тұрғындарын болып жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, билік қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және мүмкіндігінше оларға көмектесуді сұрайды.