АСТАНА, 18 наурыз. Астанада ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекеттік органдардың басшылары белгіленген ортада зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алуды жетілдіру бойынша шараларды қарап, пысықтады» делінген хабарламада.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 2396 қарарын атқару шеңберінде аралық қорытындылар жасалып, одан әрі негізгі жұмыс бағыттары белгіленді.
Терроризмге қарсы орталық отырысының нәтижелері бойынша, бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.