АСТАНА, 18 наурыз. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешітте болған терактіден кейін Ұлыбритания мен Франция билігі мешіттер мен басқа да діни ғимараттарда қауіпсіздікті күшейтті, деп хабарлайды Islam Today.
«Діни мекемелер маңызда қосымша патрульдік қызметтер күшейтілді» деп жазады Франция Ішкі істер министрі Кристоф Кастанердің өз Twitter парақшасында.
Скотланд-Ярд контртеррористік құрылымының басшысы Нил Басу өз кезегінде Ұлыбритания мешіттерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін атап кетті. «Жаңа Зеландиядағы әріптестерімізбен бірлесіп қанқұйлы шабуылды зерттеуге және басқа да шараларды жүргізуге дайынбыз» дейді ол.
Еске салсақ, Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі бірдей мешітте теракт болып, салдарынан 49 адам қаза тапты.